Ана мен бала «Бір жүректі, үшке бөліп»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Султонали Рахматов «Тайный вечер» Бейнематериал авторы – Hikmet TV. Ansatik Kudaibergenov Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Бір жүректі, үшке бөліп, Сенім, құрдым ұлдарға. Бауырлықты, өсиет қылып, Сала бердім, мен жолға. Енді қалай, бөліндің бе? Бір жүрегім, үш жаққа. Қолдаймын, қайсыңды, Бауыр сезім, қай жақта? Киелі сөз, бізге қалған, Ата-баба, қазақтан. Бала белде, жар жолдан, Бауыр ғана, табылмаған. Айтылған сөздер, ойланбай, Оқтан қиын, атылған. Тұра алмадым, жылатпай, Мынау жүректі, шаршаған. Кешір жүрек, кеш мені, Жүк салдым-ау, мен саған. Аямадым, мүлдем сені, Бекер-бекер, бос жалған. Түрсың-ау әлі, сең қимай, Өмірді, өткен күндерді. Бір ғана тілек, тоқтамай, Жалғай тұршы, өмірді.