Айта алмаспын өзіме, ойлама деп... (Аудио өлең)

16.02.2018
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Дмитрий Метлицкий «Ностальгия» Бейнматериал авторы – Эдгар Туниянц Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuz Айта алмаспын өзіме, ойлама деп, Айта алмаспын өзіме, қинама деп. Суырып алып жүректен, алып тастап, Сағынышты, мүмкін емес, іздеп себеп. Қимаймын-ау, мен сені, неге әлі, Әлде менің жүрегім, сендеме еді. Болар ма еді, бұл өмірдің, бар мәні, Сендей жанды, мен егер, сүймегенде. Бірақ тілек, сұрар ем, мен тағдырдан, Өшіре көрме сезімді, оттай жанған. Пах сезім-ай, талай мені, жаңғыртқан, Ұмыттырмай, сонша жылдар, баураған. Басқа жанды қайтейін, сүймегенсоң, Жүрегімнің төрінде, бір ақ сезім. Іздеген соң бәрібір, іздеген соң, Іздерін, басқа жаннан, басқалардан. Жүрсің-ау, бәлкім сенде, мені ойлап, Арамызға жылдарды, уақыт тастап. Мүмкін жүрсің әлі де, жолға қарап, Жаныңды, құрбан етіп, сезімді аңсап. Шын махаббат, осы емес пе, табылған, Бөлек жүріп, бірін – бірі, сағынған. Күзден қорықпай, қыстан шығып, сақталған, Жұдырықтай бір жүрек, бір жүректі аңсаған. Бақыттымын, ондай болса, мен сүйген, Басқаларды қайтейін, келіп кеткен. Мен бола алдым, махаббатың бағында, Тілдес болып, бақыттың құстарымен.

Похожие видео

Показать еще