Мұғалімнің өзі масканы директор келе жатқанда іліп алады HD

04.10.2020
Қазір ел аузында індеттің екінші толқыны келеді, қалалар қайтадан карантинге жабылады, сауда орындарына құлып салынады, жұрт тағы дәрі іздеп сабылады деген сарындағы алып-қашпа әңгіме көп. Қауіпсіздік талаптарын сақтамасаңыздар шектеу шараларына қайта оралуға тура келеді деп сэстегілер де сес көрсетіп қояды. Айта кету керек, Әзірге эпидемиологиялық ахуал тұрақты, осы аптада 4 облыста бірде-бір ковид жұқтыру фактісі тіркелген жоқ деген ақпарат қуантып қойды. Бұл жақсы жаңалық. Енді жайсыз хабар. Оқушылар жұқтырып жатыр. Саны жүзден асып кетті. Дені Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының аудандарынан. Елдің бас дәрігері Цой мырза індетке шалдығатын оқушылар саны артуы мүмкін деген болжам да айтты үкіметте. Мамандардың айтуынша вирустан қорғанудың қазіргі жалғыз жолы бетперде мен әлеуметтік арақашықтық. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан Все новости Первого канала "Евразия" теперь и в Telegram: https://t.me/eurasia1tvkz Подписывайтесь! Наш сайт - https://1tv.kz/ Vkontakte - https://vk.com/onetvkz Facebook - https://www.facebook.com/1tvkz/ Twitter - https://twitter.com/@1tvkz ok.ru – https://ok.ru/eurasia1tv Mail.ru – https://my.mail.ru/community/1tvkz/?ref= instagram - https://www.instagram.com/1tvkz/ Qalayym Live - http://youtube.com/qalayymlive

Похожие видео

Показать еще