Жабық мекемеде талай жыл тағдыр тауқіметін тартқан белгісіз жандардың өмірі HD

18.02.2021
Міне бұл адамдар өздері бұл өмірде бар болғанымен еліміздегі адам санында жоқ. Белгісіз жандар. Жалпы Шығыс Қазақстанда осындай құжатсыз жиырма жеті адам бар екен. Олардың кейбірі тіпті өздерінің кім екенін де білмейді. Ал аты-жөнін айтып, жақындарын еске алғандардың артынан ешкім іздеп келмеген. Жабық мекемеде жасырын өмір сүріп, талай жыл тағдыр тауқыметін тартып келе жатқан белгісіз жандарды әріптесім Жанболат Санияз іздеп барып, тілдесіп қайтты. Шығыстағы бұл белгісіз жандар қазір психикалық дәрігерлік орталықта өмір сүріп жатыр. Олардың жастары да, осы орталыққа келген уақыттары да әртүрлі. Мәселен, мына Андрей Павленко есімді азамат осында 1981 жылы келген екен. АНДРЕЙ ПАВЛЕНКО, құжатсыз азамат: – Мен қалада тудым. Өскеменде өстім. Сол жағалау ауданында оқыдым. Одан кейін мені Алтай қаласына балалар үйіне жіберді. Ол жақтан осында келдім. Менде құжат мүлдем болмаған. Мұндағы дәрігерлердің айтуынша, ата-анасынан ерте айырылған Андрейді бала кезінде біреулер асырап алған. Бірақ ол отбасында бағы ашылмаған бала, балалар үйінен шыққан соң осында келіп, сол күйі қалып қойған. Ол келген кезде жұмысқа жаңа орналасқан мұндағы медбике қазір зейнетке шығатын уақытым болды дейді. КЛАРА МҰҚАТАЕВА, аға медбике: – Он сегіз жаста болатын. Жап-жас, шашы бұйра әп-әдемі бала болатын. Содан бері осы ауруханада жатыр. Осы ауруханада жатқалы қырық жыл өтті. Белгісіз жандардың бәрі бірдей емес. Бірі дұрыс сөйлей алмаса, енді бірінің ақыл-есінде кемісітік бар. Көбі өткен күндерін есіне толық түсіре алмайды. Дәрігерлер болса, аты-жөндерін өздерінің айтуы бойынша атап кеткен. Осындағы бір адам өзінің кім екенін өзге түгілі өзі де білмейді екен. Ал өмір сүруге ұмтылған жандар құжат жасап алуды армандайды. Сол үшін көмек сұрайды. Қазір барлық ауыртпашылық орталықтағы дәрігерлердің мойнына түскен. Олар ауырса еш жер қабылдамайды. Мұндағы мамандар құжаттарын рәсімдеп, мүгедектік пен зейнетақы тағайындап, басқа жаққа орналастыруға талпынған. Бірақ одан еш нәтиже шықпапты. АЛЬМИРА РАҒЫЗБАЕВА, ШҚО Психикалық денсаулық орталығы бөлімшесінің басшысы: – Ауырған кезде ол науқастарды ешқай жерге қабылдамайды. Бізге сол жағы өте қиын болып тұр. Сол құжатын жөндетсек. Одан кейін мүгедектігін жасасақ. Ары қарай біз оларды арнайы интернатқа орналастыруымыз керек. МИРХАТ МҰХЫШЕВ, ШҚО Психикалық денсаулық орталығының директоры: – Біз құжаттарын рәсімдеп бере алмай отырмыз. Көші-қон полициясы сотқа жібереді. Сот олардың жеке басын растай алмады. Өйткені бұл адамдардың туысы немесе өзге таныс адамдары жоқ. Белгісіз жандарды бағып-күтуге арналған ақша мемлекеттен берілмейді. Сондықтан орталықтағы өзге науқастарға деп бөлінген қаражат есебінен күн көруде. Яғни, шамамен бір адамға күніне үш мың теңге жұмсалады екен. Осылайша, қазіргі шығыны белгілі болғанымен, белгісіз жандардың болашағы белгісіз. Жанболат Санияз Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.c

Похожие видео

Показать еще