«Нұр Отан» атынан сайлауға түскелі отырған саясаттанушының басы дауға қалды

03.12.2020
Нұр Отан партиясының атынан сайлауға түскелі отырған белгілі саясаттанушы Саясат Нұрбектің басы дауға қалды. Ол болашақта сұранысқа ие мамандықтарды талдайтын атлас дайындағаны үшін қоғамның талқысына түсіп отыр. Бұл бастама балалар мен жастар үшін қажет шығар. Бірақ, осы жобаны жүзеге асыруға бөлінген қаражат қоғамның сынына ұшырады. ГҮЛБАНУ ӘБЕНОВА, Қоғамдық белсенді: – 1 миллион доллар соған төледік, шығын кетірді деп. Оны несиеге алып отыр халықаралық банктен. Оның артынан бәріміз төлеуіміз керек. Бізде ақша жетпей жатқан кезде қағаз атлас, біреудің ертегі фантазиясы үшін 1 миллион төлеу деген өте дұрыс емес деп ойлаймын. Осы ақпаратты ең алғаш жариялап, қоғамның талқысына салған Гүлбану Әбенова қазақстандық атлас ресейлік атласпен өте ұқсас деп, көрші елде бұл жоба бұдан бірнеше есе арзанға іске асырылғанын айтып отыр. Алайда, жаңа мамандықтардың тізбесін жасаған компанияның басшысы екі мемлекеттің экономикасы екі түрлі болғандықтан әр салаға жекелей талдау жүргізгенін алға тартты. Яғни, тау-кен, мұнай-газ, машина жасау сияқты бірнеше маңызды салаға алдағы уақытта қажет болатын жаңа кәсіптерді анықтауға күш салған көрінеді. Жоба жетекшісі Саясат Нұрбек атласқа бірнеше министрліктің қатысуымен халықаралық қарыз алынғанын растады. Бірақ, әлеуметтік желіде талқыланып жатқан 1 миллион доллар емес дейді. САЯСАТ НҰРБЕК, BTS Education компаниясының жетекшісі: – 608 мың доллар шықты нақты. Бүкіл 9 салаға, сайтымен, ұялы қосымшалармен, кәсіби бағыттау платформасымен, 500-ден астам салалық сарапшыларды оқытуымен. Біздің компаниямыз, мен жеке басым бірде-бір тиын көрген жоқпыз бұл жобадан. Керісінше бұл жобаны жасақтау үшін, пысықтау үшін 280 мың өзіміздің ақшамызды шығарттық. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Похожие видео

Показать еще