АҚШ сарапшылары: Азиядан келетін тауарлар экономикаға залал келтіреді
2018 жыл әлемнің екі алпауыты Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы сауда қайшылығымен басталды. Ақ үй басшылығы «Әуелі Америка» деп ішкі нарығын қорғау мақсатында нақты шаралар қолдана бастады. Қытайда шығарылатын күн панельдері мен оңтүстіккорейлік кір жуатын машиналарға салынатын баж салығын өсірді. Енді тауар бағасы бір жарым есеге қымбаттайтын түрі бар. АҚШ-тың халықаралық сауда жөніндегі комиссиясы Азиядан келетін тауарлар экономикаға залал келтіреді деген қорытынды шығарды. Өйткені Қытай мен Оңтсүтік Кореядан келетін өнімдер америкалық баламасынан әлдақайда арзан тұрады. Мысалы, 2016 жылы Қытайдан тасымалданатын күн тақталары мен фотоэлементтердің көлемі 500 пайызға өсіп, бағасы 60 пайызға арзандаған. Соның кесірінен 30 америкалық фирма жұмысын тоқтатқан. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще