Студенттерге дәретхана жуғызбақ болған университетке Елжан Біртанов келді

15.03.2019
Ақтөбеде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты мықтап күткен медициналық университеттің басшылары жылына 800 мың теңге төлеп оқитын студенттерге дәретхана жуғызбақ болған. Басшылықтың бұнысына қарсы шыққан студенттер әжетхананы жууды талап етіп жатқан адамды видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге таратып жіберген. Алайда Біртанов мырза әріптестерінің мұндай дайындығынан да, қазір желіде шу болып жатқан бейнежазбадан да хабарсыз болып шықты. Министр студенттерге әжетхана жуғызған профессордың ісін қарап, біздің әріптесіміз Жанар Қожановаға өзі хабарлайтынын айтты.

Похожие видео