Ақтөбені жаздай көгалдандырған жұмысшылар жалақыларын ала алмай жүр
Ақтөбені жаздай көгалдандырамыз деп еңбек еткен жұмысшылар жарты жылдан бері өз еңбекақыларын ала алмай жүр. Сөздерінше олар 43 гектар жерге тал егіп, ала жаздай суарған. Ал «әкімдіктен тендер ұтып алғаннан кейін есептесеміз» деп келген компания олардың әрқайсысына миллион теңгеден берешек екен. Бір қызығы жергілікті биліктегілер қаланың анау мынау емес, 43 гектар жеріне талдың егілгенін де, суарылғанын да білмейтін болып шықты.
Похожие видео
Показать еще