«Күн суып келеді, енді бала-шағамызды қалай киіндіреміз?» HD

04.11.2021
Бір ай бойы бала-шағаны бағусыз қалдырып, үй көрмей істеген жұмысының жалақысын бір күн немесе екі күн емес, бірнеше ай ала алмай жүрген жұмысшының күйін елестетіп көрейікші. Төленбеген несиесін талап еткен банк қызметкерлерінің айқайы мен үйде тамақ сұраған бала-шағаны «бүгін-ертең» деп алдаусырату мүмкін бе? Шымкентте індет өршіп тұрған тұста өз өмірлерін қауіпке тігіп, инфекциялық аурухананың жаңа бөлімшесінде жұмыс істеген жетпіске жуық азамат не айлығын, не үстеме ақысын ала алмай отыр. Ал, ала жаздай алма тергендер де айлықтан қағылған. «Ереуілге шықсақ қана айлығымызды аламыз» деген Алматы облысындағы "Алма Грин Филдс" компаниясының қызметкерлері жалақылары кешігіп жатқанын айтып наразы. Дүкен біткенге қарыз болып біттік деген ел көмірді де қарыз дәптеріне жазғызып алып жүр. «Күн суып келеді, енді бала-шағамызды қалай киіндіреміз?» деген халықтың мұңын өз аузынан естісек.... Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #СөздіңШыныКерек #ИринаСоветжанқызы

Похожие видео

Показать еще