ТОҚАЕАВТЫҢ АШУЫНА ТИДІ - СОҢЫНА ДЕЙІН КӨРМЕ! HD

17.09.2022
Бәріңізге ассалаумағаликум. Мен қазақ депутаттарына қайран қалам. Оп-оңай екіжүз боп жайраңдаған. Біздің депуттар неге сонша екіжүзді? Неге өздері қабылдаған заңды өздері жоққа шығара салады? Астана Нұр-Сұлтан болады дегенде алақандары қызарғанша шапалақ соғып қуанды. Нұр-Сұлтан қайтадан Астана болады дегенде тағы да шапалақ соғып шаттанды. Бұларға не деуге болады? Кеше ғана Назарбаевты өліп тұрып мақтап бүгін даттағандар, ертең Тоқаевты да сатып кетпей ме? Мұны сізге білген дұрыс! Ардақты ағайын каналымызға жазылып, қоңыраушаны басып қолдау көрсетіңіз. Біз сіздер білуге тиісті ақпараттарды ашық, анық айтамыз! Сонымен жер бетінде аты өте тез ауысқыш қала бізде ғана бар шығар. Әжелеріміз айтпақшы «қай бетімді шымшиын» деп отырған шығарсыздар көбіңіз! Ал әлем болса бізге артын ашып күліп отырған болар. "Астананың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерткен "ескі Қазақстанның" басшылары еді" деп биліктегілердің қайсысы ақтала алады? Биліктегілердің, Парламенттегілердің өздері қабылдаған заңдарын өздері жоққа шығаруы - саясаткер ретінде құндары көк тиын екенінің дәлелі. Ертең ең құрыса "мен қалыс қалдым" деп те ақтала алмайды. Тап мынадай екіжүзді билікпен көсегеміз көгермес деп жазды қатты күйінген журналист Нұрлыбек Рахманов. Әрі қарай былай дейді. Шапандарын оп-оңай теріс айналдырып киіп алған кадрлармен жаңа жүйе құрылмайды. Сатқындық қой турасын айтқанда. Өздері қабылдаған осал заңның бәрін өздеріне түзету керек те, таратып жіберу керек. Болды. Сөйтсе, өзгеріс жайлы үміт оянар еді. Егер конституциялық кеңес Конституцияға өзгеріс жасауды мақұлдаса, Конституция халық дауысынсыз-ақ оп-оңай өзгере салса, онда несіне қазынадан 16 млрд теңге жұмсап "иә" және "жоқ" деген жалғыз парағы бар референдумды өткіздік?) Көбі сонда не үшін дауыс бергенін де түсінген жоқ. Дұрыстап түсіндіру жұмысын жасауға уақыт та болған жоқ. "Түсіндіру тобындағы" дежурный шалдар, сонаааау сәбеттік жүйеден бері әлі жүрген сарқыншақтар, шала-шарпы кездесулер өткізген болып, "біз 30 жыл бойы алданып келіппіз, енді "Жаңа Қазақстан!", өзгеріске дауыс берейік!" деген жалаң ұраннан әрі аса алмады. Сөйтіп ақбас шалдардың да тұтас өмірін арнап, өздері құрған жүйеге сатқындығына куә болдық. Жолдауда президенттікті 7 жылға созу жайлы айтылды. Тура ертеңіне Астана атын қайтару жайлы ұсыныс топ ете қалды. Елдің назары түгел соған ауып кетті. 12 күн өтті ғой, әлі сол ән. Әрі қарай әр қаладағы даңғылды, әуежай мен университетті, тағы не бар, барлық жердегі атауын ауыстырайық деп бір-екі апта шулайық. Ауыстырса, тағы бір айдай елдік іс тындырғандай эйфорияда жүрейік. Ал ана жақта сіз бен біздің пікірімізді сұрамастан Ата заң өз ыңғайларына қарай өзгеріп жатсын. Саяси схемалар сол баяғы. Жалпы не өзгерді? Басқа жақты білмеймін, әйтеуір елдің Батыс шетіне "Жаңа Қазақстанның" лебі де жеткен жоқ. Сол баяғы кадрлар, сол шешілмеген проблемалар мен құрғақ уәделер... Ал белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Дина Елгезек биліктегі депуттарды меңзеп, Назарбаевты кеше мақтап, ал бүгін теріс айналғандар ертең

Похожие видео

Показать еще