Аягөз тұрғындары баспаналарының ішінде белуардан батпақ кешіп жүр

11.06.2019
Аягөз қаласында тұрғындар баспаналарының ішінде белуардан батпақ кешіп жүр. Үйімді түгелдей су басып кетті деген жұрт арнамызға арыз айтып хабарласты. Айтуларынша жер асты суы көтеріліп, үйлерінің іргесін ірітіп барады. Жалпы Шығыс Қазақстан облысындағы бұл өңірдің елі, көктем сайын көтерілген судың азабын тартады. Өткен жылы да қатты су тасқыны болып, талай үйді қиратып кеткен еді.

Похожие видео

Показать еще