Азот оксиді 2 есе көп: Алматылықтар қандай ауамен тыныстап отыр? HD
Бұл - Алматының бүгінгі аспаны. Қар жауса да, ауадағы зиянды қалдық шамадан тыс. Әсіресе, азот диоксиді 5, азот оксиді 2 есе көп. Бірақ, жасыл экономика басқармасы алматылықтар қалыпты деңгейдегі ауаны жұтып отыр деп есептейді екен. Алматының ауасына зиянды қалдықтардың 42 пайызы жеке сектордағы үйлердің көмір жағуынан болып отыр. Экология департаментінің мамандары әкімдіктің 99 пайыз қаланы газбен қамтамасыз еттік дегендері жалған мәлімет дейді. Ал қалада жүйткіп жүрген 700 мың көліктің 40 пайызы экологиялық талаптарға сәйкес келмейтінін полиция департаменті білсе де, тыңғылықты тексермей отырғанын айтады. ДІНМҰХАММЕД ЛЕСБЕКОВ, Алматы қалалық экология департаментінің инспекторы: – Техбайқаудан өтетін кезде жыл сайын зауытта орнатылған катализатордың бар-жоғы, оның жұмыс істейтін-істемейтіндігі тексерілмейді. Бұл өз кезегінде автокөліктердің двигателінен бөлінетін зиянды қалдықтар тікелей атмосфераға шығып жатыр деген сөз. Төменгі аудандарда Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб аудандарында әрбір екінші аудандарында жатақхана бар, әрбір екінші үйде жалға берілетін пәтер бар, әрбір үшінші үйде үшінші үйде монша бар. Оның барлығына қарапайым халық көмір жағып отыр. Әкімдік есебіміз түзу, әлі газға қосылмаған Алматыда небәрі мың жарым үй бар. Департамент саяжайларда орналасқан үйлермен шатастырып отыр дейді. Жылына ауа массасына автокөліктерден 70 мың тонна қалдық шығарылады, ал жеке сектордан 1 мың тонна бөлінеді екен. Дәл осы статистиканы айтқан жасыл экономика басқармасының орынбасары тұрғындар лас ауамен тыныстап отырған жоқ деді. СЕРІК ӘДІЛБАЕВ, Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары: – Қалыпты жағдайда, өйткені бізде 72 тоннадан жоғары болуы керек үлкен ластану. Ал бізде 70 мың тонна қалыпты жағдайда. Бұған қоса, Алматыlа екінші жылу электр станциясы бар. Экология департаменті жылына ол жерде 2 миллион тонна көмір жағылып, 38 мың тонна зиянды қалдық шығарылатын айтты. Әйгерім Ердәулет, Геннадий Лукин Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #жасыл_қала #экология #Алматы #смок