Жуырда «Хабар» арнасы көрермендерге «Өгей жүрек» телехикаясын ұсынады HD
Жуырда «Хабар» арнасы көрермендерге тағы бір тың дүние ұсынады. «Агенттік тапсырмасымен түсіріліп жатқан «Өгей жүрек» сериалы көпшілік жүрегінен жол табуы тиіс», – деседі авторлар. Бөтен бала болмайды. Бұл сөздер «Өгей жүрек» телехикаясының негізгі арқауы іспеттес. Әр кадрдан осындай адами кеңдіктің көрінісі қылаң береді. Түсірілім алаңындағы актерлердің өзі туынды жүректі толғантып, жанарға жас үйіретінін айтады. Өмірдегі ауыртпалық атаулының барлығы бас кейіпкер Бибігүлдің басына түсіп, ол 12 серия бойына сатқындық пен бассыздыққа тап болады. Ернар Нұрғалиев, режиссер -Бұл сериал маған несімен ұнайды? Мұнда шынайы өмірдің көрінісі бар. Мәселен, сәбилерін балалар үйіне тапсыратын аналардың әрекетін әшкере қылғымыз келді. Бибігүл бауыр еті баласынан айырылып, мәңгілік деп есептеген махаббатынан қол үзеді. Тұйыққа тірелген ол енді ешқашан жүректегі сезімге ерік бермеуге бекінеді. Алайда өмірдің өз дегені болып, жаңа келген көршілері оның ең жақын адамдары болып шығады. Бірақ бас кейіпкер оны тым кеш түсінеді. Кәмшат Жолдыбаева, актриса -Оған түрлі жағдайлар әсер етеді. Бойында қатыгездік пайда болады. Нағыз ер мінез, тәуелсіз әйелге айналады. Әр серия көрерменге ой салып, бас кейіпкермен бірге тіршіліктің қым-қуытына тереңнен бойлатады. Сценарий авторы Қуаныш Тоқанов фильмнің соңында бар қиындыққа төзе білген Бибігүлді бақыт жолына түсіреді. Алайда оның қандай бақыт екенін көрермендер «Хабар» арнасының жаңа маусымында біле алады. Авторлары: Бақтияр Хамит, Галина Муленкова
Похожие видео
Показать еще