ӘУЛЕТ ТЕЛЕХИКАЯСЫ HD

23.10.2015
"Астана" телеарнасы ұсынады! Бұл біздің сериал! Жаңа маусымда арнамыздың жаңа жобасын қарсы алыңыз! Жуырда "Әулет" телехикаясы. Ағайын арасындағы бауырмалдықты насихаттайтын жаңа «Әулет» телехикаясының премьерасына аз қалды. «Астана» телеарнасы түсіріп жатқан бұл телесериал шаруасы сайлы, тұрмысы жайлы Қаршыға ақсақалдың әулетінде болған оқиғаны баяндайды. Қаршығаның кіші ұлы - Жәдігер кезінде ауылдан безіп, қалаға кетеді. Бірақ үлкен қалада сәтсіздікке ұшырап, барар жер, басар тауы қалмайтын мүшкіл жағдайға тап болады. Мұндайда өзекке теппейтін, әрине - әкенің алақаны, бауырдың құшағы. Кіші ұлдың ауылға қайтып келуімен әулеттің басына қара бұлт үйіріледі. Жәдігердің ағасына деген көзқарасы мүлде өзгеріп, араларынан ала мысық өткендей, ашық араздыққа ұласады... Бұл «Әулеттің» оқиғасы немен аяқталарын білгіңіз келсе, «Астана» телеарнасындағы тұсаукесерді күтіңіз!

Похожие видео

Показать еще