Анаға тілек HD
Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!!! Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың. Мама,өйткені бүгінгі күн сен үшін Ақ тілектер тасқындайтын туған күн. Шын көңілмен сол тілекті қостадым, Боп тұрсыншы әр кез ашық аспаның! Құттықтайды сені барлық жақының, Құттықтайды сені бүгін достарың. Мағынасы болып таң мен кешіңнің Бізді аялап мәпеледің, өсірдің. Ер жеткенбіз саясында алаңсыз АНА деген құдіретті есімнің. Ыстықсың сен бізгеде, елге-қауымға, Сен екенсің байлығым да, барымда! Самайыңда бар ғой менің "үлесім", Өтінемін, мама, ешқашанда ауырма. Тіл жетпейтін біздерге асыл, бағаң дүр, Бар көңілің балаң үшін алаң бір. Шамшырағым болдың мына тірлікте, Қуанышқа жанды бөлеп аман жүр. Өтеуіндей алаң көңіл жылдардың, Жанарыңда бүгін шаттық тұнған күн. Қуанатын ұл мен қызың сен үшін АНАШЫМ құтты болсын туған күн! Асыл анам, нұр шашқандай келбетің, Сенсіз басып жүре аламба жер бетін? Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті, Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің. Ана, жаным, жүре берші қасымда, Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма? Әркез маған бата беріп жол нұсқап, Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!». Сұм тағдырды кешіп өттің басыңнан, Сондықтанда ширақ болдың жасыңнан. Кешір ана, қателессем кешіре көр, Бірақ алыс кете көрме қасымнан! Батырда туған анадан, ақында туған анадан, Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам. Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған, Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам. Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген. Тілін алсам - айналған, күнәм болса -өшірген. Ақ анашым, анашым, саған тәнті бала шын! Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем - жылапсың, Шыңға шықсам - қуанып, мен құласам - құлапсың, Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр?! Өзіңменен перзентіңнің бағы бар, Келер күндер үміт болып жағылар. Қуанышты, толқынысты сәтіңде Қызыңныңда ақ тілегін қабыл ал!!! #Anaǵa_tіlek #Qazaqşa_tilek Қазақша тілектер: https://youtube.com/playlist?list=PLXiTYybrxWsqRYgxofQSf2Q8MO5eDOio7