Akerke Tazhibayeva. Piece "SWAN" // Kyl kobyz
Ақерке Тәжібаева. Халық күйі -- "АҚҚУ" // Қыл қобыз Акерке Тажибаева. Народный кюй -- "ЛЕБЕДЬ" // Кыл кобыз Aqerke Täjibaeva. Xalıq küyi -- "AQQW" // Qıl qobız Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы шығармашылық ұжымдарының және солисттерінің гала-концерті, Алматы, Қазақстан, 2012. Гала-концерт солистов и коллективов Казахской национальной консерватории имени Курмангазы, Алматы, Казахстан, 2012. The Gala Concert of soloists and collectives of Kazakh National Conservatory, Almaty, Kazakhstan, 2012. "АҚҚУ" Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің төрт бұрышын шарлағанда жанына сауғаны өзінің кіндік жұрты Сырдың суынан тапқан ғой. Желмаясының жабуын судың үстіне төсеп, оған жайғаса отырып алып, қара қобызын бебеулеткенде аңдыған ажал маңайына жолай алмаған. Қорқыт қобызды тынымсыз тартқан. Ол қобызды тартқанда су ағысын тоқтатып, жел тынып, жан-жануарлар анталап келіп ұйып тыңдайды екен. Бірде Қорқыт ата әдеттегідей қобызымен күй сазын сарната тартып отырса, көкте ұшып бара жатқан бір топ аққу естіп қалып, айнала ұшып, ақыры қанат бүгіпті дейді. Аққулар мұңлы күйдің дауысына елітіп, қара қобыздың дауысына үн қоса бірге сұңқылдасып, Қорқытпен бірге мұңайған екен. Осыны байқап қалған әйгілі қобызшы Қорқыт көңілдегісін күй етіп шалатын сыралғы мінезіне басып, құс төресі аққулардың мейірімді қасиетін қобызға салған екен дейді. Қорқыттың «Аққу» күйі аталып, бізге жеткен күй осылайша туған көрінеді.