Зеленский Еркек екен! HD
Бәріңізге асалаумағаликум. Зеленскийге әлем жұрты тәнтті. Ешқайда қашпады, түк саспады, қақпасын жауға ашпады. Ал Путиннің жүйкесі жұқарды. Төзімі таусылуға таяу. Ол енді ядролық қаруды іске қоса ма? Қолы қызыл кнопкаға тисе адамзаттың жағдайы не болмақ? Украинаның бомыждарына дейін шайқасқа түсті. Ресей бұл жолы жеңілсе ыдырап кетуі мүмкін бе? Ал жеңсе Қазақстанның күні не болмақ? Біз орысқа жалтаң-жалтаң еткен Белоруссияның күйін кешіп қалмаймыз ба? Ал Украина жеңсе біз неден ұтамыз? Ең соңғы маңызды әрі сұмдық ақпараттарды сізге білген дұрыс! ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ Европа Орысқа әуе кеңістігін жапты. Түркия теніз жолын кесті. Фейзвук пен Твиттер Орыс аккаундтарын бұғаттады. Илон Маск та жәрдемге келді. Ресей дым сүйкімі қалмай, сорлы боп әлемде жападан жалғыз қалды. Бірақ ұялып жатқан олар жоқ. Путин Қорғаныс министріне тежеуіш күштерді, яғни ядролық қару мен аса қауіпті зымыран кешендерін алып ұшатын жүйелерді ерекше режимге келтіруді бұйырды. Қызыл кнопкаға қолы жақындай түсті деген сөз. Мүмкін бұл сес көрсетуде болар. Осы жерде бір қызық айта кетейік. Мына суретке қараңызшы. Путин өз көлеңкесінен өзі қорқа бастағандай. Екі генералын он метр алысқа отырғызып қойып тапсырма беріпті. Соғыс Украинаны бір тудың астына жинады. Басқасын айтпағанда елдің бұрынғы Президенті Прошенконы қараңызшы. «Мені қайта сайламадыңдар» деп өкпелемей, зейнеткермін деп жатып алмай, қолына қару ұстап, пульмет таратып , сарбаздармен бірге жүр. Сотты боп қашып жүргендерде, қоқыс ақтарып күн көрген бомыждарда Отан үшін шайқасқа түсті. Осыған қатысты журналист Серік Әбікенұлы былай деп жазба жариялап жүректі шымырлатты. Бомыждар бөтелке жинап, Молотов коктейлін жасап жатқан тұрғындарға көмектесіп жүр екен. Оларда үй жоқ, қүжат жоқ, бірақ жүрек пен Отан бар екен! Халқының осындай ұлы махаббатын оятқан Зеленский әлемдік лидерлердің аузын ұрды. Онда Байдендікіндей байлық, Макрондыкіндей дос-жаран, Путиндікіндей қызыл кнопка жоқ, есесіне ұлт сүйіспеншілігі бар. Енді ол әлем халқының ықыласына бөленген Ер болды. Жаһан "Украина!!! Зеленский!!!" деп жаңғырып тұр. Соңғы ширек ғасырда жер бетінде мұндай саяси тұлға болмаған! Ол зұлымдық пен аярлықты мысқылдап, сонысы үшін "сайқымазақ" атанып еді, енді шын сайқымазақтардың бетпердесін сыпырды! Путин бастаған Ресей биілігі тәуелсіз дербес бір елді бомбалап жатыр... Украина жұртына қарап жүрек ауырады. Қаншама бейкүнә халық, бейкүнә бала, бейкүнә сәби қайтыс болды?! Ол елде қазір тек тыныштық, елінің бірлігі, елдігі арман. Білім, ғылым, денсаулық, экономика емес, бастың амандығы - басты арман. Украина бізге, біз секілді ұсақ елдердің біразына сабақ болуы керек. Ресей секілді агрессор мемлекетпен көрші отырған жұрт қашан да мемлекеттік қорғаныс пен ұлттық идеологиясын мықтамаса ертең не боларын кім білсін? Соғыс басталғалы Ресейді ашық жақтап, Путин еркек деп отырған талайды көзіміз көрді. Құдай басқа соғыс салмасын. Ертең сатқын, ең алдымен, іштен шықпасына кім кепіл? Сондықтан нақты идеологиялық тұтастық та маңызды. Бірақ елде қанша