Мұхтар Тайжан - Зейнетақы қоры/Федоров пен Никонов/Солтүстікте әскери база жоқ/Жер HD
00:00 Ұлтшылдық өзге ұлты жек көру деген сөз емес 02:18 Солтүстіктегі 5 облыста қазақтың әскери базасы жоқ 05:14 Біз ұлттық мемлекет құруға жақындап келеміз 07:24 Тарихи атауларды қайтаруға Президенттің бір жарлығы жеткілікті 09:10 Федоров пен Никонов мәселесі біздің ҰҚК мен полицияға үлкен сабақ болды 10:34 Жер комиссиясын құрудан басқа амал жоқ 14:10 Маған латифундистер қысым көрсете алмайды 14:46 Қазақ даласында бос жатқан 4 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 16:06 Министр Сапархан Омаров космомониторинг идеясына қарсы 16: 55 Қазақстанда 45 млн гектар жер ел игілігіне жұмыс істемей бос жатыр 19:00 БЖЗҚ-дан ақша алу ешкімнің проблемасын шешпейді 19:30 Қазақстанда 7 млн адамның мойнында несие қамыты бар. Бұл елдегі кедейлердің саны 21:16 Сайлаудан кейінгі халықтың тағдыры өз қолында Бүгін «Азат сұхбат» айдарында белгілі қоғам қайраткері, ұлт жанашыры, экономист Мұхтар Тайжанмен сұхбатты ұсынамыз. Ол жақында жарық көрген Президенттің мақаласына қатысты пікір білдірді. Атап айтқанда, ұлтшылдықтың қазіргі қоғамдағы сипаты, қазақ үшін шетін мәселе жер тақырыбындағы Қ. Тоқаевтың идеяларына орай ой қозғайды. Әсіресе жер комиссиясы құрылса, мораторий мәселесі күн тәртібінен түсе ме деген сауалға жауап берді. Жерді космостан бақылау арқылы 4 млн гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Ал ауылшаруашылық мақсатында тағы 45 млн гектар жер латифундистер меншігінде жатыр. Алайда Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ірі жер иеленушілердің меншігіндегі жерлерді қайтаруға құлықсыз. БЖЗҚ-дан қаржы алып, баспана мәселесін шешуге бола ма? Қазақстанда 7 млн адамның мойнында несие қамыты бар кезде, халықтың әл-ауқаты туралы айтуға ерте, - дейді сарапшы. Сондай-ақ сұхбатта Мұхтар Тайжан Ресей мемлекеттік думасының депутаттары Никонов пен Федоровтың мәлімдемелері ел қауіпсіздігіне жауапты мемлекеттік органдардың да ұйқысынан оятқанын тілге тиек етті. Біздің сайт: https://azattyq-ruhy.kz Instagram: https://www.instagram.com/azattyq.ruhy/ Facebook: https://www.facebook.com/Azatruhy/ Telegram: https://t.me/azattyq_ruhy Twitter: https://twitter.com/AzattyqRuhy Наш сайт: https://rus.azattyq-ruhy.kz/ Instagram: https://www.instagram.com/azattyq.ruhy/ Facebook: https://www.facebook.com/Azatruhy/ Telegram: https://t.me/azattyq_ruhy Twitter: https://twitter.com/AzattyqRuhy
Похожие видео
Показать еще