Зейнетақы қорынан ақша шешу: енді мынадай 7 түрлі ауруды емдеуге жұмсауға болады HD

10.02.2021
Маңызды ақпарат. Зейнетақы қорындағы шекті мөлшерден асатын қаражатыныңызды 7 түрлі емге жұмсай аласыз. Ол үшін әуелі, өзіңіздің тіркелген емханаңызға барып, сондағы дәрігерлік комиссияның рұқсатынан кейін ем-дом алғыңыз келген клиниканы таңдауыңыз қажет. Содан соң «Отбасы банкіндегі» жеке кабинетіңіз арқылы екі жақты шартқа отырып, пациент қажетті құжаттарды жүктеуі керек. 5 күн ішінде «Отбасы банкі» арнайы шоттан емдеу мекемесінің есеп шотына тиісті қаражатты аударады. БАТЫРХАН САРЫМСАҚОВ, ҚР ДСМ Амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы: – Біріншіден, орфандық аурулар дейміз. Сирек кездесетін аурулар. Екіншіден, стоматологиялық қызметтер. Үшінші-операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақаулардың сондай-ақ, қалпына келтіру операциялары. Төртіншіден, радионуклеидті және радиойод терапия. Радиохирургиялық емдеу дейміз. Сондай-ақ протон терапиясы, бұл да онкологиялық емде қолданылады. Жетінші- офтольмологиялық қызмет. Денсаулық сақтау министрлігі бұл тізімді бекіту үшін Әділет министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және қаржы нарығын реттеу агенттіне жолдадық дейді. Енді осы аптаның ішінде азаматтарға қаржысын аталмыш бағытта пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Айта кету керек, емделушілердің талап-тілегінің артуына байланысты, ем-дом алудың тізімі әлі де өзгереді дейді мамандар. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #БЖЗҚ #зейнетақы_қоры

Похожие видео

Показать еще