Құрманғазы: «Ақсақ қиiк» HD
«Ақсақ қиiк» Бұл күйде Құрманғазының ерекше қыры қылаң береді – өмір құбылыстарының терең мәнін дөп басып табады. Әрдайым сырттай елеусіз көрінетін уақиғалар Құрманғазы шығармашылығында терең жинақталған өзіндік мінезі бар музыкалық бейнелер тудырды. «Ақсақ киік» күйінде басқаның азап-мехнатына жайбарақат қарау яки қайғыға берілу жоқтығы қайран қалдырады. Құрманғазыға тән шеберлікпен бұл күй музыка тілінде үн қатады: өмірді сүй, киіктер өзінің ұлан-байтақ даласын сүйгендей, бостандықты сүй. _ Здесь сказалась отличительная черта Курмангазы — умение схватывать самую сущность жизненных явлений. Часто внешне незначительные события порождали в творчестве Курмангазы музыкальные образы, имеющий характер глубокого обобщения. Примечательно, что в кюе «Ақсақ қиiк» нет печали и пассивного созерцания чужих страданий. Со свойственной Курмангазы выразительностью музыкального языка этот кюй говорит: люби жизнь, люби свободу как сайга любит свою привольную степь.