ИТЕЛГІ БАПТАЙТЫН ҚҰСБЕГІ HD

16.01.2017
Қызыл кітапқа енген жан-жануарларды қорғау – баршаның міндеті. Әулиеата жерінде де жойылып бара жатқан ителгі құсын асырайтын құсбегі тұрады. Байзақ ауданының тұрғыны Шохназар Марипов құсбегілікті кәсіп етіп, осы саланы жандандырамын дейді. Шохназар ителгіні араб елінен әкелген азамат. Бұл құстарды асырауына Дубайдағы досы себеп болған. Сондай-ақ араб елінің текті құсын асырауына түрткі болған жағдай – оңтүстікте ителгі құсының аз болуы. Ол ерінбей, 12 бас құсты ұшақпен алып келген. Қызыл кітапқа енген құсты асырау оңайға соқпапты. Рұқсат құжаттарын алу үшін 1 жыл, ал, баптауға арналған орынның құрылысына 2 ай мерзім кеткен. Құсбегі ителгілердің азығына аса мән береді. 1 құсқа күніне жарты келі ет кетеді екен. Аптасына 6 күн тұрақты түрде азықтандырып, 1 күні сергітуге арналады. Баптауға арналған орны да бейнебақылау назарында. Төбесі ашық, қабырғалары қатты ағашпен қоршалған. Айтуынша, ителгі құсы ауа райының қолайсыздықтарына да төзімді. Сондай-ақ әрбір ителгінің өзіне тән мінезі де бар дейді құсбегі. Құсбегілікті серік еткен азамат – тәуелсіздіктің құрдасы. Жолдасы екеуі 1 ұл тәрбиелеп отыр. Шохназар енді алдағы уақытта баптауға арналған орынның көлемін кеңейтуді көздеп отыр. Қазірдің өзінде Тұрар Рысқұлов ауданы төңірегінен жер алып, асырауға арналған орынның құрылысы жүріп жатыр. Осы арқылы ителгінің тұқымын көбейтіп, құсбегілік кәсіптің аясын кеңейтемін дейді азамат.

Похожие видео