"ЖІБЕК ЖОЛЫН ЖАҢҒЫРТУ Business Mektep" негізгі мақсаты, жібек жолын жаңғырту HD

21.04.2019
Жібек жолы біздің заманымызға дейін пайда болған, осы жібек жолымен жасалған сауда саттықтың арқасында көптеген қалалар, көптеген Мемлекеттер, көптеген елдер дамыған, сонау шығыс Қытайдан, Атылант теңізіне дейінгі елдердің дамуына тікелей әсер еткен. Қазақ елі де осы жібек жолына тікелей байланысты дамып отырған, байқасаңыздар оңтүстікте тұратын халық, саудаға икемді келеді, оның себебі әрине, жібек жолы өткен жол. Саудагерлер бір тауарды екінші жерге жеткізу үшін, КЕРУЕНМЕН апталап айлап жолда жүрген, осы сауда үшін саудагерлер қанша уақыт, қаншама еңбек еткен, жолдың ыстығы мен суығын айтпағанда. Кәзір заман басқа болғанмен сауданың қағидасы өзгерген жоқ, тауарды алып сатып, пайда көру, әрине делдалсыз тікелей өндірушіден алсаң пайда көбірек қалады, біз қаласақта, қаламасақта өндірушілердің 90% сол Қытай елінде орналасқан, енді біз анау-мынау деп қорқып отыра бермей іске кірісуіміз керек, біз өзіміз алмасақ бізге біреу алып келеді, сосын тағы айтамыз, ана ұлттар мынандай мына ұлттар мынандай, оптавиктердің барлығы басқа ұлттар деп, олармен біздің айырмашылығымыз, олар жасап жатыр, біз көлеңкемізден қорқып отырмыз, сол себептен артық сөзді қойып, іске кірісуіміз керек. "ЖІБЕК ЖОЛЫН ЖАҢҒЫРТУ Business Mektep" негізгі мақсаты заманауи құралдарды пайдалана отырып, тауарларды делдалсыз тікелей өндірушіден алып, Қазақстан арқылы басқа елдерге шығару және Қазақ елін, дамытып бизнесмендерді көбейту.

Похожие видео