Талдыкорган. Драка.

09.10.2017
28 маусым 2017 жылы Талдықорған қаласы Шевченко - Тәуелсіздік бойында күйеуімді 5 жігіт ұрып соғып, өлтіріп кеткен болатын. Қазіргі таңда тергеуді менің руқсатымсыз сотқа жіберіп тастапты. Мен бірнеше талап, арыз жазған болатынмын. Оған ответ берген жоқ. 1 арызға жауап келді, бірақ мен оған қанағаттанған жоқпын. Мен тергеу сатылып кеткен, деп ойлаймын. Қылмыскерлердің статьяларын жеңілдетіп, бұрмалаған. Тергеу жұмысының дұрыс жүрмегеніне мен бірнеше рет тиiстi органдарға шағымдандым, яғни, Талдықорған қалалық Ішкі істер болімінің бастығы Е. Сансызбаевқа, Алматы облысы Ішки Істер Департаментінің бастығы М.Ж Урумхановқа, Талдықорған қалалық прокурорына, Алматы облысы прокурорына, Ішкі істер Министрлігіне және де олардың жеке қабылдауында болып, олар маған тергеушінің кемшіліктерін жоятынын және істі дұрыс тергеп, заңды шешім қабылдайтынын түсіндірген.Қадағалау органдары менің барлық талаптарымды орындамай, заң талаптарын бұзып, ешқандай шара қолданбады. Бұлар қараңғыда жабылып, әбден ұрған, соққан, куйеуімнің 2 телефонын, 85 000 тг. ақшасын тонап алған.188 бабымен Қылмыстық іс қозғалғаны туралы таныстым, бірақ телефон және ақша жайындағы мәселе осы іс бойынша тергеп, осы нақты іс бойынша айып ретінде қылмыскерлерге тағылу керек еді. Тергеу қызметкері осы істен бөлектеп, қарауды жөн көріпті. Прокуратура оны қолдаған. Ол да қылмыскерлерді жақтағаны деп түсінемін.Осы қылмыстық іс бойынша, тергеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеген, яғни, оқиға болған жерді қарау туралы хаттама толтырылмаған. Сол оқиға болған күні, жедел жәрдем шақыртқаннан кейін, полиция қызметкерлеріне хабарландыру жасалынған, бірақ полиция қызметкерлері бейне таспаны уақытысында алмаған. Болған жағдайды анықтамай, қазіргі уақытта көп тергеу жұмыстары дұрыс жүргізілмегені анықталған. Бұл жерде 5-ші адамды күәгер деп, қылмыстық жауапқа тартпай отыр. Ол кісі куйеуіммен бірге отырған, бірге жүрген. Бірақ мен ол кісінің күә болуына қарсылығымды айтып, бірнеше талап-тілек жазып өткізгем. Ол кісінің телефонын тексерсін деп, Урумханов мырзаның өзінен кіріп сурағанмын. Детализация жасасын деп, тергеушіге нұсқау берген болатын. Бірақ, тергеуші қылмыскерлер сол күні нақты қандай нөмерде жүргендерін анықтамай, өтірік нөмерлерімен детализацияға запрос жіберген. Қайта нөмерлерін анықтап, детализацияны қайта жасауын айтып, жазып талап-тілек өткізген болатынмын. Оған ответ жоқ. Күә деп отырған адам, куйеуімнің қай кафеде, қай жерде отырғаны туралы телефонмен хабарлап, белгі берген адам. Ол белгі бермеген болса, Үштөбедемін деген куйеуімді отырған кафесінің маңынан түн жарымда қалай тауып алады? Қолдарында үлкен пышағы бар төрт жігіт қалай кездесоқ кездесе калады? Ол кісі жедел жәрдем шақырмаған. Куйеуімді жабылып ұрып жатқанда, ажыратпаған. Емханаға апарған кезде, куйеуімді танымаймын, жолдан көріп көмектестім деп, жалған сөйлеген. Олар әдейілеп тұрып, қасақана адамды өлтіруге дайындалған. Себебі, пышақ алып, келгендері анықталған. Күә деп отырған адам белгі берген. Жабылып, бәрі өлімшеге дейін

Похожие видео

Показать еще