Ұн қуырдақ, Цуйван, Вкусные обед. HD
1. Алдымен 2 жайымдай қамыр илеп, 15 мин тындырамыз 2. Жапырақтап, жұқалап керегінше етті турап, қазанға керегінше май құйып, отты ақырындатып, тұз, пияз салып, еттің өз суына буға 30 минуттай бұқтырып пісіріп аламыз 3. Суы тартылған соң сәбіз салып жай отта 5-10 мин қуырып, үстіне 1 стакан су құйып, орташа отта бықтырып, ет піскенше жыбырлатып қайнатамыз. 4. Сәбізбен ет піскенше дайын қамырды жұқалап жайып, ыстық таба немесе духобкаға лабаш сияқты кептіріп аламыз. Видеодағыдай кеспе жасап кертіңіз. 5. Қазанның отын қаттыға қойып, суын тексеріңіз, су етіңіздің бойынан ет көрінетіндей ғана асу керек. Қатты қайнай бастағанда кеспеңізді салыңыз да бетін бүркеп жауып буына 5 минуттан астам пісіресіз. 6. Кеспе піскен кезде суы тартылып асты шыжылдай бастайды. Сол кезде міндетті түрде қазанды кейінге қойып, бетін желпіп, араларын ашып араластыру керек. Дастарқанға қоярда пияз, жуа, немесе жасыл пиязбен ұсынсаңыз жақсы кетеді, әрі әдемі көрінеді.☺ ❗❗❗Ескерту, суы көп болып кеспе ақырын қайнаса, езіліп бытпырап қалады. #мари_рецепт__ #ужин #обед #дастархан #дастарқан #қазақ #kazakhstan #kazakh #almaty #алматы #астана #атырау #актобе #семей #шымкент #вкусный #вкусно #вкусняшки #ппрецепты #пп #рецепты
Похожие видео
Показать еще