"Форбс" журналы еліміздің ең бай 50 кәсіпкердің тізімін жариялады
"Форбс" журналы еліміздің ең бай 50 кәсіпкердің тізімін жариялады. Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер үштігін бұл жолы Болат Өтемұратов, Динара және Тимур Құлыбаевтар бастап тұр. Басылым тізбекке салған 50 дәулеттінің тек бесеуі ғана биыл миллиардер атанған. Қалғандары миллионерлер қатарында. Көш басында биыл бірінші болып банк, инвестиция, металл, телекоммуникация және медиа саласындағы бизнестерін ұтымды басқара білген Болат Өтемұратов тұр. Кәсіпкердің қазынасы 2 миллиард 200 миллион долларға бағаланған. EXPO-2017 көрмесі аясында Өтемұратов Астанада күн қуатын пайдаланып энергияны, жаңбыр суын пайдаланып суды үнемдейтін "Talan Towers" атты құны 300 миллион долларды құрайтын "жасыл" кешенін таныстырмақ. "Форбс" түгендеген тізімнің екінші және үшінші орындарына әрқайсысының дәулеті 1 миллиард 800 миллион доллар деп бағаланған Құлыбаевтар отбасы орналасқан. Төртінші орыннан "Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы" иелерінің бірі - Алиджан Ибрагимов көрінсе, бесінші орынды осыған дейін бірінші орынды ешкімге билетпей келген - Владимир Ким олжалапты. Оның дәулеті 650 миллион долларға кеми түскен. АСХАТ НАМЕТША, экономист: Бұдан бөлек қалтасы қалың, сөзі өтімді 50 кәсіпкердің тізімінде бірден 2 министріміз жүр. Өз активтерін сенімді басқаруға берген Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров пен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев әрқайсысы 110 миллион АҚШ долларына пара-пар дүние жиған көрінеді. Досаев Қашағандағы даудан жақында ғана басын алып қашқан. ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, Экономика және бюджетті жоспарлау министрі: Ықпалдылар тізімінде жақында ғана Казкоммен бірге БТА-ны сатып алған, Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев пен "Қазатомөндіріс" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Школьниктің ұлы Игорь Школьник бар. Сонымен қатар, бұл тізімде өткен жылы 15-орыннан көрінген «Қазкоммерцбанк» басқарма төрайымы Нина Жүсіпова, былтырғы жылы 25 орында тұрған "Raimbek Group" директорлар кеңесінің төрағасы Раимбек Баталов сынды бірді-екілі адам жоқ. Жанар Жолтаева.