Казак оркениети Ерке Нур компаниясы

11.03.2009
Әлемдік жүлде - қанжығада! "Ерке-нұр" компаниясы "Кемелді, жоғары сапалы және таңғажайып жұмысы үшін" берілетін "Платиновая булавка" халықаралық сыйлығын жеңіп алды. Әлемдегі ең сапалы бұйым шығаратын үздік сауда маркасын анықтайтын Францияның Other Ways менеджмент және консалтинг Халықаралық қауымдастығы Алмания мемлекетінің Берлин қаласында өзінің 5 жылдық мерекесін атап өтіп, оған 35 елдің үздік кәсіпорындары шақырылған еді. Қазақстанның атынан шақырылған "Ерке-Нұр" компаниясы өзінің керемет өнімдерімен көпшілікті таңқалдырды. Әлем сарапшылары қазақ елінің тереңнен тамыр жайған ұлттық қолөнерінің кереметі мен заманауи сәнмен үйлесім тапқан өнімдерін жоғары бағалапты. Сөйтіп, "Ерке-Нұр" ұлттық қолөнерді жаңғыртқан ерен еңбегімен ғана емес Қазақстанның ұлттық өнеріне де әлемді тәнті етті.

Похожие видео

Показать еще