Туманбай Молдагалиев «Құстар әні». В обработке Олега Переверзева HD
«Құстар әні» Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып. Зымырайды менің бала кезімдей, Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей, – деп басталатын Тұманбай Молдағалиевтің өлеңіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін білмейтін жан кемде-кем. Бұл халықтың сүйіп тыңдайтын әндерінің біріне айналған. Ел арасында «Құстар әні» деп те аталып жүр. Әннің туу тарихына келсек, Нұрғиса Тілендиев саябақта серуендеп жүріп «Адам мен құстың өмірі қандай ұқсас» деп, терең ойға батып, осы әнді дүниеге әкелген екен. Сондай-ақ, Тұманбай Молдағалиев композиторлар Шәмші Қалдаяқов, Сейдолла Бәйтереков, Әсет Бейсеуовтердің халық арасында кең тараған бірқатар әндерінің сөзін жазды. «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем», «Ару Ана», «Туған жер», «Жан досым», «Махаббат мұңы», «Жүрегім менің» , т,б. Халқымыздың жүрегінде мәңгі қалар әндердің сөзін жазған. Dalatunes ұлттық музыкалық порталы сіздерге музыканОлег Переверзевтің әйгілі «Құстар қайтып барады» әнінің фортепианода орындаған нұсқасын ұсынады. Сондай-ақ, ертең Тұм ағаның ұлы ақындарымыз Қадір Мырза Әлі мен Жұбан Молдағалиев жайлы айтқан сұхбаттарын және күйтабақ ұсынатын боламыз. Сокращая летнюю жизнь, веселую жизнь, Улетают далеко-далеко птицы. Как мое детство, мимолетно прощаясь, Как мое чувство, осветившее в памяти на миг людские лица... - вот так начинается песня «Птицы покидают нас», музыку для которой написал сам Нургиса Тлендиев, а слова, как вы наверно уже поняли, Туманбай Молдагалиев. Народ тоже поэт и поэтому называет это произведение «Песня птиц». Её история проста как и всё гениальное – она родилась в саду, когда Нургиса Тлендиев, отдыхая, смотрел на птиц, и сильно задумался о том «как птицы похожи на людей». Так, в глубоких филосовских размышлениях появилась на свет песня про жизнь людей и птиц. Помимо этой, прекрасной песни, Туманбай Молдагалиев писал слова к музыке таких композиторов как Шамши Калдаяков, Сейдолла Байтереков, Асет Бейсеуов, и другие. Его самые замечательные слова были написаны к песням «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем», «Ару Ана», «Туған жер», «Жан досым», «Махаббат мұңы», «Жүрегім менің». Первый национальный музыкальный портал Dalatunes предлагает к вашему вниманию песню «Кұстар әні» в обработке Олега Переверзева. И еще, завтра мы выложим видео-интервью Туманбая Молдагалиева, где он говорит о великих поэтах Кадыр Мырза Али и Жубан Молдагалиева. И, конечно же мы завтра сделаем подборку лучших эстрадных песен, написанных Туманбаем Молдагалиевым.
Похожие видео
Показать еще