Ақ бата \\\ КАРАОКЕ \\\ Рухани әндер

25.11.2020
Төменде берілген әннің сөздері "Рухани әндер жинағынан" алынған. Елің‍нің қамын ойла деп, Же‍ріңді жаудан қорға деп, Бас‍сын ісің оңға деп, Ша‍йтанның құлы болма деп, Ба‍баң берген ақ б‍ата, Ба‍сыңа қонсын бақ бата! Құдайдан бата қонсын деп, Ғұмырың ұзақ болсын деп, Өрісің малға толсын деп, Жуадай жауың солсын деп, Атаң берген ақ бата, Басыңа қонсын бақ бата! Рахатың көрер алда деп, Мәңгіліктен қалма деп, Бетінен жанның алма деп, Жарыңа жара салма деп, Әкең берген ақ бата, Басыңа қонсын бақ бата! Су сұраса сүт берген, Нан сұраса бал берген, Түн ұйқысын төрт бөлген, Сен үшін тілек тілеген, Анаң берген ақ бата, Басыңа қонсын бақ бата! Құдайсыз күнің құрысын, Өзіңе өзің ұрысың, Құдайсыз мына жалғанда, Қашады сенің ырысың, Құдай берсе ақ бата, Басыңа қонар бақ бата!

Похожие видео

Показать еще