8-А сериалы. /сериал анонсы/ HD
Орал қаласында, осыдан бір ай бұрын ашылған «Jas TALAP» өнер-білім орталығының «Актерлік шеберлік» үйірмесі мен «Жас видеоблогер» үйірмесінің оқушылары бірлесіп түсіріп жатырған «8-А» сериалының бірінші бөлімі жақын күндері Jas TALAP ютуб арнасына шығатын болады. Сериалдың режисссері: «Актерлік шеберлік» үйірмесінің жетекшісі Жандос Бақтығалиев. Видеооператор және монтаждаушы: «Jas TALAP» өнер-білім орталығының директоры, «Жас видеоблогер» үйірмесінің жетекшісі Ернар Жақсыбаев. Дым қаражатсыз, қолда бар дүниелермен осындай жұмыс жасап жатырған ұжымның және балалардың еңбегін елеп-ескеріп, кемшіліктері болса кешіріп, алғашқы қадамдарына сәттілік тілеп қойсаңыздар екен Ардақты ағайындарым, достарым, жерлестерім. Айтпақшы: бұл видео бірінші бөлімнің анонсы, толық нұсқасын және келесі бөлімдерді көру үшін ютуб арнамызға тіркеліп, қоңыраушаны басып қойыңыздар. РАХМЕТ БАРШАҢЫЗҒА!!!