Шуда Аламан бәйге шапты
Батырын құрметтеген Шулықтар Саттар Естемесовтың үстіміздегі жылы туғанына 100 жыл толуына байланысты мерей тойын атап өтті. Аудан әкімі Жарылқасын Айтақов пен келген қонақтар және ауылдастары Шу қаласындағы «Жеңіс» саябағындағы Кеңес Одағының Батыры Саттар Естемесовтың еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастады.Жиын жалғасын ат ойындарына арнайы ашылған атшабарында бәйгемен жалғасын тапты.Бұл атаулы бәйгеге Республика көлемінен жиналған сәйгүліктер бақтарын сынады. Атап айтсақ тай бәйгесіне 54 сәйгүлік қатынасып 9 шақырымға шапса, 68 құнан 15 шақырымға ал, аламанға 74 сәйгүлік 31 шақырымға 11 айналыммен жарысты. Ат ойындарындағы Аламан бәйгенің жеңімпазыТ.Рысқұлов ауданының «Шаман» атты сйгүлігі бірінші орында жеңіп алып темір тұлпарды ауыздықтады.
Похожие видео
Показать еще