Асханаға қажетті құрал-жабдықтарды «Бірге таңдаймыз!» (13.02.2017)

13.02.2017
Дастарханды дұрыс жая білу сіз ойлағандай қиын емес. Асқа арналған барлық құралдардың қақ ортасына көлемі үлкендеу тәрелке қойылады. Ыдыс-аяқ таңдауда түрі мен түсіне, сапасы мен көлеміне үлкен мән берген дұрыс. Дастарханға қойылған ыдыстар бір-бірімен сәйкес болса, дастарханның ажары болады деген сөз. Негізгі үлкен тәрелкенің үстіне көлемі кішірек немесе сорпаға арналған тостаған қойылады. Тостағанның қойылуы қонақтарға дайындаған ас мәзіріңізге байланысты болмақ. (c) 2009-2016, Қазақстан Ұлттық арнасы http://www.kaztrk.kz

Похожие видео