Сұлу мен құбыжық Астанада HD
Астанада "Сұлу мен құбыжық" ертегісі сахналанды. Қойылымның бұл жолғы кейіпкерлерін кәсіби әртістер емес, ерекше дамып келе жатқан жасөспірім балалар сомдады. Даун синдромы, ДЦП, аутистикалық спектрі бұзылған, саңырау балалардан құралған "Кит" мектебінде 25тен астам адам бар. Олар демалыс күндерінде би билеп, актерлік шеберліктерін шыңдайды. Жасөспірімдер, қойылымды сахналау үшін 1.5 ай дайындалды. Сәтті шығаруға 30-ға жуық ерікті қатысты. Олардың бірі Айдана Төребекова. Ерікті ерекше балаларға көмектесіп қана қоймай, кейіпкерлердің бірін сомдады. Айтуынша, қойылымдағы костюмдерді де өздері дайындаған. Қойылым, көрермендерді бей жай қалдырмады. Жастардың шығармашылығын тамашалағандар, жоғары бағаларын берді. "Кит" театры келер жылы гастрольдік сапарға шықпақ. Жасөспірімдер "Сұлу мен құбыжық" ертегісін Алматы, Қарағанды қалаларында сахналайды.