Алдараспан театры Карттар уйи

12.02.2017
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Аллаhтың разылығы — ата-ананың разылығында, Аллаhтың ашуы ата-ананың ашуында жатыр»,— деген. Түсінген адамға бұл сөзде терең мағына бар. Құран Кәрімде де: «Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуіне де жандарына кәрілік жетсе «түh» деме, (кейіс білдірме) сыпайы сөйле» ( Исра сүресі, 23 аят),— дейді. Әрбір адамға өз әке-шешесінен жақын адам жоқ. Өкінішке қарай, өзін мына жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтімен емізіп, төрт ұйқысын төрт бөліп, сәбиін тербетіп, таң атқызған анасын, мойнына мінгізіп еркелетіп, баласының бақыты, игілігі үшін бар күш-қуатын арнаған әкесін ұмытып, қартайған шағында өмір тәлкегіне лақтырып кеткен қатыгез балалар да арамызда жетерлік. Иә, оларды адамгершіліктен жұрдай, жүрегі жоқ пенделер демеске амалың жоқ.

Похожие видео

Показать еще