«Білгенге маржан » Ток шоу 22 10 13 2

23.10.2013
«Хабар» арнасында «Білгенге маржан» атты әлеуметтік-танымдық ток-шоу көрерменге жол тартты. Бағдарламаның мақсаты -- күнделікті тұрмыста кез-келген жан жиі бетпе-бет келетін сан қилы мәселелердің түйінін тарқату, білікті мамандар мен сарапшылардан, өмірден көрген-білгені, түйгені мол қазыналы кісілерден көкейде жүрген өзекті сауалдарға жауап алу. Бұл әлеуметтік ток-шоуда әдет-ғұрып, салт-дәстүр сабақтастығын үзбеу, отбасылық қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесі, киім тігу, қаражат жинаудың, жоспарлаудың қағидалары, гүл өсіру т.б. түрлі тақырыптар талқыланады. Көрген жанға берері мол бұл ток-шоуды ешкімге ұқсамайтын ерекше еркін имиджімен белгілі Маржан Сұлтанбайқызы жүргізеді. Ендеше, күн сайын дүйсенбі-жұма аралығында 14.05-те «Хабар арнасынан» «Білгенге маржанды» жіберіп алмаңыз!

Похожие видео

Показать еще