ЭПАТАЖДЫ РИНАТ ТӘТТІБАЙ ТУҒАН КҮНІНЕ ҚАНДАЙ ҚЫМБАТ СЫЙЛЫҚ АЛДЫ?
Иә, бұл әдемі тілектің иесі – шоу бизнес әлеміде өз орнымен ерекшеленетін ерекше жандардың бірі – өзі тележүргізуші, өзі журналист, өзі талай шоу бизнес өкілдерінің пиар менеджері болған эпатажды Ринат Тәттібай мырза. Тіл үйіретін тағамдар жайылған ақ дастархан, керемет көңіл күй және бүгінгі атаулы мерекеге жиналған туған-туыстар мен дос жарандар. Той-томалақты жаны сүйетін Ринат мырза бүгінде өзінің 34-ші туылған күн кешін әріптестері мен құрдастарының арасында атап өтті.