«Тікелей эфир Ләйлә Сұлтанқызымен». Жалынды жастар HD

30.11.2017
«Тікелей эфир Ләйлә Сұлтанқызымен». Жалынды жастар Түрленген тағдырлар, шешімін таппай жүрген түйткілдер. Уайым-қайғы, наз бен реніштер. Адамның өмір жолындағы күресі. Үздіктердің ақыл-кеңесі, бағдары мен сырлары. Табиғатынан таңсық біртумалар. Өзекті ақпарат пен жүйрік ойларды «Тікелей эфир» форматында тамашалай аласыздар! Бағдарлама мақсаты – қоғам назарына ілінген ерекше оқиғалар мен кезек күттірмейтін мәселелердің тобықтай түйінін табу, кейстерді арнайы мамандардың, соның ішінде психологтар мен заңгерлердің елегінен өткізу. Сондай-ақ күні кеше болған маңызды шаралар, еліміздің қоғамдық саяси және мәдени өміріндегі атаулы күндер назарымыздан тыс қалмайды. Бағдарлама айтары бар жаңа есімдердің, танымалдық олимпіне шықпаған азаматтардың да ой-пікірін аудитория елегінен өткізеді. Жанр: Тікелей эфирдегі отбасылық ток-шоу Жүргізуші: Ләйлә Сұлтанқызы Жиілігі: Аптасына 4 рет Ұзақтығы: 60 минут

Похожие видео

Показать еще