Қорабай Есенов - "Жылжиды аққу" ("Жалғыз аққу") [2018] HD

06.04.2018
Қорабай Есенов - "Жылжиды аққу" ("Жалғыз аққу") [2018] Сөзі Кәкімбек Салықовтікі; Әні Жағыпар Әлімхановтікі Аудионұсқадан видеоформатқа көшіріліп, өңделген ән "Жылжиды аққу" ("Жалғыз аққу") Жылжиды аққу айдында, жылжымайды, Мұңаяды ол неге, тұнжырайды. Сыңсып салған әніне тебіреніп, Қамыс басы қамығып, су жылайды. Су жылайды, тұнжырайды, Жылжиды аққу айдында, жылжымайды. Қалқиды аққу айдында, қалқымайды, Баяғыдай бой жазып шалқымайды. Сыңарынан айырылып қалған күні, Бұл өмірдің қызығы жартылайды. Жартылайды, шалқымайды, Қалқиды аққу айдында қалқымайды. Сырғиды аққу айдында, сырғымайды, Жақын барып, хәл-жәйін кім сұрайды. Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы, Біреу ерте біреу кеш бір құлайды. Бір құлайды кім сұрайды, Сырғиды аққу айдында сырғымайды.

Похожие видео