Kaspi Bank несие картасынан қалай үнемдеуге болады? HD
Банктік қызметтерді зерделеуді жалғастырып, өзіміз үшін пайдалы қорытынды жасайық. Несие картасының аз шығындар үшін қалтаңыздағы үнемі қолжетімді ақша екенін білеміз. Карта ақшаңыз бітіп қалып, бірақ ешкімнен қарыз алғыңыз келмейтін кездерде ыңғайлы. Неліктен карта бір адамдарға бақыт сыйлайды, ал кейбіреулері сол картаны алғанына өкінеді? Кейбір адамдар картаны рақаттана пайдаланады және оны тиімді деп санайды, ал басқалары қарызын жылдар бойы өтейді, ал қарыз болса өте ақырын азаяды. Несие картасынан үнемдеп, оны қалайша өзіңнің сенімді көмекшің етуге болады? Достар, мен қазір несие картасы бойынша қалай артық төлемеуге болатынын айтып беремін! Өмірден алынған мысал. Азамат Димадан қарызға 6000 теңге сұрайды. Ол оған қарызға беріп, былай дейді: «ақшаны қайтарар кезде, алғыс ретінде шоколад қосып бер. Жақсы, бәрі разы. Азамат қарызды бір айдың ішінде қайтара алады. Бірден 6000 теңгені және шоколадты әкеліп береді. Банкте бұл оңтайлы төлем деп аталады. Барлық қарызды жылдам қайтарасың. Бұл -- Сіз үшін ең тиімді өтеу тәсілі. Бірақ көбіне қарызды толық өтеу үшін барлық керекті сома бола бермейді. Ол кезде біздің Азамат ұсынылған төлемді пайдаланады. Ол бір жыл бойы ай сайын 500 теңгеден береді және Димаға ақшаны әкеліп берген сайын үстінен, келіскендей, бір шоколад қосып береді. Бір жылда ол 6000 теңге қарызды және 12 шоколад берді. Жылдам әрі пайдалы тәсіл болмаса да, барынша тиімді. Кенеттен, Аза қатты үнемдеуге бел буады да, ең аз төлем жасайды. Ол 30 ай бойы 200 тең береді -- шамамен үш жыл төлейді және ай сайын шоколад береді, ол да ақшаға сатып алынады. Жиынтығында 30 айда 6000 теңге қарызын және оған қоса 30 шоколад береді. Салыстырып көрейік: 1) оңтайлы төлем - борышты бір айдың ішінде қайтарыңыз -- не бары 1 шоколад қосып бересіз; 2) ұсынылатын төлем -- борыш және оған қоса 12 шоколад -- бұл ретте бюджетке қатты салмақ түспейді; 3) ең аз төлем -- борышты өтеу сомасы аз, есесіне көбірек шоколад қосып беруге тура келеді. Қорытындысы көрініп тұр: Несие картасы бойынша артық төлем жасамау үшін қарызды мүмкіндігінше жылдам, ең көп дегенде бір жылда өтеу керек. Сол кезде несие картаңыз тұрақты әрі сенімді көмекшіңізге айналады!