Кешегі сезімді, өртеген...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз» Бейнематериал авторы – Music channel Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Бауыржан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuz Мынау жүрек, ауырып тұрғанда, Мың жылап, жалғыз қалғанда. Араша түсер, жан барма, Шын ғашық жанға, жалғанда? Сұрағын, қойып таңдарға, Ертеңіне, үміт құрғанда. Қаңырап, бәрі қалғанда, Айтарға, шіркін, сөз барма? Барма екен, тағдырға көнбеген, Отына сезімнің, күймеген. Боларын былай, кім білген, Кінәлі болмас, шын сүйген? Кешегі сезімді, өртеген, Дауыл кеп, бүгін өшірген. Түңілмеу керек, ертеңнен, Мейлі үміт, бүгін үзілген. Көзіңнен, жаңбыр себелер, Көңілің, мұңға бөленер. Бәрі де бірәқ, бір бітер, Көңілді, көктем өзгертер. Есіңде қалар, сол бір күн, Бір өшпес, мұң боп, өткеннен. Кім біледі, тағдыр, ол мүмкін, Сынайды жанды, шын сүйген.
Похожие видео
Показать еще