Отандық өнерпаздар «Junior Eurovision»-да екінші орынды иемденген Ержан Максимды құттықтауда!
Отандық өнерпаздар «Junior Eurovision»-да екінші орынды иемденген Ержан Максимды құттықтауда! «Junior Eurovision-2019» байқауының күміс иегері атанған Ержан Максимды отандастарымыз жаппай құттықтауда! Жас өнерпаз қазылардың берген бағасы бойынша бірінші орынды алса, онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша қазақстандық әнші жалпы 212 ұпаймен мәртебелі сайыста екінші атанды. Ал, байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған польшалық өнерпаз жеңіп алды. Ержан Максим әуел бастан дәл осы Виктория Габорды өзіне бәсекелес санаған болатын. Еске салсақ, Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербиялық қазылар алқасының өкілдері ең көп 12 ұпайын Қазақстанға берген еді.