Диана Исмаил - Тик так уақыт тик-токта жаңа хит 2021 HD
Заманды түсінем Адамдық күшімен Біз қашан шығамыз Телефонның ішінен ⠀ Ғаламтор есік кең Келемін ілесіп мен Тəрбие тик-ток емес Басталады бесіктен ⠀ Ештеңе жоқ ойда Ұятымыз қайда Орынсыз күлкілерден Не пайда??? ⠀ Жүргеміз телефонсыз хит бопта, хит бопта, хит бопта! Өткізбе уақытыңды тик-токта, тик-токта, тик-токта! ⠀ Масқара көрдім бір ретте, Отыр ем үйде интернетте Фараби, Ахмет, Міржақып Билетіп қойыпты суретте ⠀ Тиіскен, тиіскен көп талайға, Шəкəріммен тіпті Абайға. Тексіз болма тик-ток деп, Абайла, жастар абайла ⠀ Бармастан байыпқа Жармаспа хайпқа Тұлғалар осындайға лайықпа??? ⠀ Айналдым халайық, Тик-токты жабайық. Кішкене айналаға қарайық ⠀ Ерболат Қарақойшы #ДианаИсмаил #тикток #хит2021