Абайдың қара сөздері. Жиырма жетінші сөз (1894) ● Аудиокітап ● HD
Абайдың қара сөздері. Жиырма жетінші сөз (1894) ● Аудиокітап ● ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ СӨЗ (Сократ хакімнің сөзі) Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шәкіртіне құдай табарака уа тағалаға құлшылық қылмақ турасында айтқан сөзі. Ол өзі құлшылық қылғандарға күлуші еді. - Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты? - деді. Ол айтты: Толып жатыр, қазірет. Бірінің атын аташы, - дейді. Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сыйпатына түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын, - деп, соған ұқсаған неше онан басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты. Олай болса, кім артықша ғажайыптануға лайықты: жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтұғын суретші ме? Я жан иесі, ақыл иесі адамды жаратушы ма? - дейді. Соңғысы лайықты, - дейді, - бірақ ол жаратушы жаратты, өздігінен кез келіп, солай болып кетпей, басынан біліп істеген хикметімен болса, - дейді. Жә, пайдалы нәрсе дүниеде көп, бірінің пайдасы көрініп, білініп тұрады. Кейбірінің пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің? - деді. Әрине, әшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет десек керек деймін, - дейді. Абай Кунанбаев Абай Құнанбаев Абайдын кара создери
Похожие видео
Показать еще