ҰЛЫ АҚЫН АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА ОҚУ ЭСТАФЕТАСЫ: Ақтоты АСАНОВА HD
Ұлы қазақ ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында басталған ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын жастар өте жақсы қабылдады. Біздің trk.kaznu@gmail.com почтамызға эстафетаны "Qazaqstan" ұлттық арнасының продюсері, мәдениет саласының үздігі, ақын Жаңылхан Асылбековадан қабыл алған Алматы қаласы, Бостандық ауданы 81 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Ақтоты Асанова ұлы ақынның "Білектей арқасында өрген бұрым" атты өлеңінен үзінді орындаған бейнеролигі келіп түсті. Ақтоты қарындасымыз эстафетаны осы жылы 26 тамызда Жидебайда өтетін Республикалық Абай оқуларының қатысушыларына жолдады... Қадірлі "Әл-Фараби" ақпараттық-танымдық арнасының көрермендері, Сіздердің де ерекше өнерлеріңіз бар болса, оны бейнероликке түсіріп, бізге жолдасаңыздар болады. Ең үздік (әрине арнамыздың мақсат-мүддесіне қайшы келмейтін) бейнероликтерді міндетті түрде жариялайтын боламыз. #ABAI175 #AlFarabiUniversity #TRCKazNU
Похожие видео
Показать еще