Бугiн топтын "ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ" Туган Кунi.(12.07.2016) 1-Жыл.
"Әйел деген ән салғанда - әдемі, Әлденеге тамсанғанда - әдемі. Қимай ғана қоштасқанда - әдемі, Қуанышпен қарсы алғанда - әдемі. Тана көзі жалт еткенде - әдемі, Ақ білегі жарқ еткенде - әдемі. Көрген жанды өнегелі, ибалы Қылығымен тәнті еткенде - әдемі. Әйел деген мәз болғанда - әдемі, Көктем келіп, жаз болғанда - әдемі. Алма бетін аяз сорса - әдемі, Кірпігіне қар қонғанда - әдемі. Әйел деген гүл атқанда - әдемі, Ұнағанда, ұнатқанда - әдемі. Мөлдіреген жанарынан кей кезде Жалғыз тамшы құлатқанда - әдемі. Жүгіргенде не жүзгенде - әдемі, Нәрестесін емізгенде - әдемі. Қонағына дастарханын мол жайып Дәмді асынан жегізгенде - әдемі...