Әлия әні

24.02.2015
Әлия Сөзін жазған: Бәкір Тәжібаев Әнін жазған: Сейдолла Бәйтереков Қобда, Нева суларын сүйіп өскен, Әсем гүлін құшаққа жиып өскен. Аққу құстың бейнебір баласындай, Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен. Қайырмасы: Әлия - ару қызы сен халқымның, Әлия - батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның! Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан, Саған күнде қызыққан мөлдір аспан. Саған күнде жазылған көркем дастан, Саған күнде құшағын көктем ашқан. Қайырмасы: Әлия - ару қызы сен халқымның, Әлия - батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның! Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық, Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып. Туған жердің төсінде мәңгілікке, Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып. Қайырмасы: Әлия - ару қызы сен халқымның, Әлия - батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның!

Похожие видео

Показать еще