Табиғат үн қаталса
Өлең авторы -- Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы -- Мелодия души «Белгісіз» Бейнематериал (суреттер) авторы -- Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген -- Бақытжан Бекмұхаммедұлы Табиғат, үн қаталса, Айтар еді, білгенін. Ғасырлық, тарихы болса, Жеткізер еді, көргенін. Жайнап тұр - ау, гүлдерім, Бар нәзік, жұпар иісімен. Жеткізер еді, ол үнін, Көргенін, аздап білгенін. Жапырағын ашып, ақ күнге, Сыбырлап тұр-ау, ағаштар. Ұнаса, мынау көңілге, Тоқтамай ол да, сыр ашар. Әндетіп, ұшып барады, Аспанда, сұлу құстарым. Білгенін, әнмен айтады, Түсінсең осы, деп жаным. Қабағын тұйып, тұрғандай, Тауларым қарап, баршаға. Айтқысы келіп, тұрғандай, Бар сырын төгіп, ортаға. Қалыспай, желде керісінше, Самалмен, желпіп өтеді. Айтқысы келіп, өзінше, Сыбырлап жайымен, кетеді. Табиғат, сенсіз, менде жоқ, Мен болсам, бір сенің, бөлшегің. Құласам қалжырап, тірегім, Болайын, қаласаң, мен де керегің.
Похожие видео
Показать еще