«Отбасы – жылы ұямыз, тірегі – ата анамыз» HD

15.09.2016
Қыркүйек айының 10 күні Республикалық отбасы күніне орай «Шетпе гимназиясы» ММ – де өзін-өзі басқару тобының ұйымдастыруымен «Отбасы – жылы ұямыз, тірегі – ата анамыз» тақырыбында әдеби кеш өтті. Кеш сайыс түрінде өтіп, бірінші сайысы мәнерлеп оқу, екінші сурет сайысы (отбасы тақырыбында) үшінші ақындар мүшәйрасы, төртінші ән сайысы қойылған болатын. Сайысқа қатысушы 8,11-сынып оқушылары жоғарғы дайындықпен келіп, мәнерлеп оқу сайысы бойынша I орын Н.Ғалым (9-сынып), С.Ерсұлтанова II орын(11-сынып) , III орынды М.Қазбекова мен А.Ерғазиева иеленді. Сурет сайысы бойынша I орын А.Абдуллаева , II орын А.Ахмет, III орын Ә.Сенғалиқызы мен А.Сайлаубаева жеңіп алды. Ән орындау шеберлігі бойынша Б.Сатыпалдиев I орын иеленді. Ақындар мүшәйрасы бойынша I орын А.Ғабитқызы, II орын А.Асылбекова, III орын Ә.Радикова мен Д. Ахтанов иеленді.

Похожие видео

Показать еще