Еркин Жангабулов - попури (кавер - Құстар әні, Ақ бантик, Құсни-Қорлан ) HD
Құстар қайтып барады сөзі: Т.Молдағалиев әні:. Н.Тілендиев Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып. Зымырайды менің бала кезімдей, Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей. Қ-сы Құстар, құстар сызылтып ән салады Сол әнімен тербетеді далаңы Ал адамдар күліп бастап өмірін Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады. Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе? Тамаша әнмен келіп еді көктемде. Өскен жерге сыймай кетіп барады. Өскен жерін қимай кетіп, Қимай кетіп барады. Ақ бантик Сөзі:М.Шаханов Әні: Ш.Қалдаяқов Балауса қыз едің бір кезде Шашыңа ақ бантик байлаған Есейіп кетіпсің бұл күнде Көркіңе көз тастап ойланам Қ-сы Нұрлы бейнең қандай жарқын Арманысың қандай жанның Шынарым-ай, сен мөлдірсің еркем Тау бұлағындай Жол жатыр шақырып алдыңда Өмір тұр ұсынып шаттығын Білмеймін бой жетіп қалдың ба? Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін К-СЫ Жылдардың еркіне бағындың Жылдарға қол создың жан құрбым Белгісін балалық шағыңның Айтшы сен қай жерде қалдырдың Құсни-Қорлан Халық әні (Шаба Әденқұлқызы орындауы бойынша) Бір қыз бар Маралдыда Қорлық-айым Табиғат берген екен күн мен айын Мұратқа іздеген жан бәрі-ай жетер Дариғай, арманым көп, не қылайын? Ахау арман Құсни-Қорлан Екі-ай бағлан Екеуі-ай туған екен бір анадан Жігіттің арманы жоқ сүйгенді алған Айрылдым ғашық жардан құдай алмай Құр ішім толғай берді жылай алмай Бар еді жақсы күндер тату өткен Келер ме енді айналып уа дариға Қ-сы