Дәрет алу (Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннеті бойынша) - Исрафил Бегей HD
Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат. Сондықтан да Дәретсіз намаз оқып, Қағбаға тауап ете алмайды. Құранды да жалаң қолмен ұстай алмайды. «Кімде-кім әмір етілгендей дәрет алып, әмір етілгендей намаз оқыса өткен күнәлары кешіріледі» (Бухари, Уду /28). «Кімде-кім дәрет алып, жүзін жуғанда, бет мүшелері жасаған күнәлары, аяқ-қолдарын жуғанда, сол мүшелермен жасаған күнәлары су тамшыларымен бірге ағып, өзі тап-таза болады» (Муслим, Таһарат / 32), дейді.