"Ғажайып 28 күн" марафоны! Айнұр Тұрсынбаева HD
Каналға жазылыңыз: https://www.youtube.com/c/aidynnury?sub_confirmation=1 Көп адамның өмірі кейінге шегерілген қыруар істен тұрады. "Ертең жасаймын, ертең бастаймын" деп, бүгін істеуге болатын шаруаны көпшілігіміз ертеңге ысырамыз. Өздеріңіз де білетін шығарсыздар, психологияда бұны "синдром отложенной жизни" деп атайды. Қазақшалап айтсақ, тұсау ғой кәдімгі... Алға басуға кедергі келтіретін, кежегемізді кейінге тартып тұратын "тұсау". Психологияда онымен күресудің түрлі жолдары бар. Ал менің ең тиімді әрі тамаша "құралым" - "Ғажайып 28 күн" марафоны! 28 күннің ішінде СІЗ бізбен бірге: Бастай алмай жүрген бүкіл шаруаңызды іске асырасыз; Тастай алмай жүрген жағымсыз әдеттеріңізден арыласыз; Таңмен таласа ерте тұрасыз; Құлшылығыңызды күшейтесіз; Таңғы уақытты тек өзіңіздің дамуыңызға арнайсыз; Спортқа көңіл бөлесіз; Сұлулығыңызға мән бересіз; Ойыңызға сүзгі, аузыңызға "қақпақ" қоясыз; Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатасыз; Айналаңызға мейіріммен қарауды үйренесіз; Ашулана бермей, сабыр сақтауға дағдыланасыз... Ең бастысы, ЖҮРЕГІҢІЗДЕ ТЫНЫШТЫҚ ОРНАЙДЫ! Қабағыңыздан қар жаумай, жадырап өмір сүресіз! #айнұртұрсынбаева #Түпсана